Чемпиондар лигасы. «Қайрат» пен «Ақтөбеге» қарсылас атануы мүмкін командалар анықталды
Чемпиондар лигасына қатысатын «Қайрат» пен «Ақтөбеге» қарсылас атануы мүмкін командалар белгілі болды.
Турнирдің 1/16 финалында қазақстандық командалар «іріктелгендің» қатарына кіреді. Біздің командаларға «ВитЭн» (Беларусь), «Хоэнштайн-Эрнстталь» (Германия), «Шкупи» (Македония) мен АЕК (Грекия) ұжымдары қарсылас болуы мүмкін.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының 1/16 финалы матчтары 12-17 қаңтар күндері өтеді. Келесі кезеңнің жолдамасын бір матч шешеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или