«ПСЖ» Мессиге ұсыныс жасайды

«ПСЖ» Мессиге ұсыныс жасайды

ESPN басылымының мәліметінше, «ПСЖ» алдағы маусымда Лионель Мессиге ұсыныс жасайды.

Биыл жазда Неймар клубтың спорт директоры Леонардомен «Барселонаға» ауысу жайлы келіссөз жүргізген. Осыған байланысты, «ПСЖ» 2021 жылы Мессиге ұсыныс жасауға ниетті.

Тек бұған Мессидің 60 миллион еуро мөлшеріндегі жалақсы кедергі болуы мүмкін. Париждік команда мұндай сомалы ақша төлеуге дайын емес.

Айта кетейік, Мессидің «Барселонамен» келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады. Ал жаңа жылдан бастап аргентиналық футболшы басқа командалармен келіссөз жүргізуге құқылы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или