Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындалып жатыр
<span>Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қызу дайындық жүргізуде. Рикардо Кака шәкірттері қазіргі таңда елордада жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. </span>
<span>Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, қазақстандық футзалшылар 9 желтоқсанда Венгрия құрамасын қабылдайды. Бас бапкер Рикардо Кака́ командасының оқу-жаттығу жиыны Нұр-Сұлтанда өтеді. Венгриямен кездесу Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ. </span>
<span>Оқу-жаттығу жиынының алғашқы күніне команда толық жиналмады. Қалған ойыншылар ертеңге дейін қатарға қосылмақ. </span>
<span>Қақпашы Игита мен қорғаушы Дуглас бұрынғы жарақаттарынан кейін алып жатқан емін аяқтап қалды. Лиссабонның «Спортинг» клубының шабуылшысы Тайнан команданың қатарына ойын қарсаңында қосылады.</span>