«Наполидің» стадионы Марадонаның есімін алды

«Наполидің» стадионы Марадонаның есімін алды

Неапольдің басшылығы «Наполи» клубының стадионы марқұм Диего Марадонаның құрметіне аталғанын ресми жариялады.

«Марадона дағдарыста болған команданың орнынан қайта тұрып, жеңе алатынын дәлелдеді. Біздің есімізде Неаполь ұлы секілді мерт болған ұлы чемпион қалды. Ол алыстан келіп, тарихты қайта жазып, қаланың тарихында қалды», – делінген ресми мәлімдемеде.

«Сан-Паоло» стадионы ендігіде «Cтадио Диего Армандо Марадона» болып аталады. Марадона 25 қарашада 60 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды.

Сараптама нәтижесінде Аргентина құрамасының экс-ойыншысы ұйықтап жатқанда созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан болған жедел өкпе ісінуінен қайтыс болғаны анықталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или