Кака Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластар жайлы айтты

Кака Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластар жайлы айтты

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Венгрияға қарсы матчқа дайындық туралы ҚФФ баспасөз қызметіне пікір білдірді.

«Құрамада әрқашан жұмыс істеуге, жаттығу жасауға қолайлы жағдай жасалады. Әлі еңбектенетін, істейтін жұмысымыз көп, ал уақытымыз аз. Біз ойыншылар құрамада қорғаныста ойнауға қайта үйретеміз.

Қарсыламызды зерттеп, оның ойын стилін талқылауымыз қажет. Бәріне уақыт жетпейді. Бірақ біз маңыздыларын іріктеп, солармен жұмыс істейміз.

Венгрия – бойшаң шабуылшымен ойнайтын команда. Құрамында осындай стилде ойнайтын екі ойыншысы бар. Беларусь құрамасы Ресей не Украинаға ұқсайды. Допты көбірек ұстап, шабуылда сенімді ойнайды. Израиль әлі өзінің стилін таппаған команда. Олар қолдарынан келетін ойынды көрсетеді», – деді Кака.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или