ЦСКА Еуропа лигасынан шығып қалды

ЦСКА Еуропа лигасынан шығып қалды

Мәскеудің ЦСКА футбол клубы Еуропа лигасының 5-турында аустриялық "Вольфсбергерден" өз алаңында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қонақтар плей-офф кезеңіне шығуды алаң иелерінен артық қаласа керек, ойынның 22-минутында алға шықты. Голды Визингер соққан болатын. Бірінші тайм аустриялықтардың жеңісімен аяқталған.

Екінші таймда ойыншыларын бірінен соң бірін шығарған Гончаренконың салы суға кетті. ЦСКА ойыншылары қақпаның кілтін таппақ түгілі, жөні түзу шабуыл да жасай алмай, пұшайман болды.

Мәскеу армияшылары плей-офф кезеңіне шығудан үміт үзді. К тобындағы соңғы ойынын Загребтің "Динамосына" қарсы өткізеді.

ЦСКА - "Вольфсбергер" - 0:1

Гол: Визингер, 22

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или