Какау ОЖЖ мен Же туралы пікірін айтты

«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Какау Қазақстан құрамасының жаттығу жиыны мен УЕФА кубогынан шеттетілген Же туралы пікір бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Әлем құрамалары өзара жолдастық кездесулер өткізген шақта біз оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырдық. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындарға мен 14 ойыншы апара аламын. Сондықтан қазір іріктеу жүріп жатыр, - деп бастады Какау. – «Қайраттың» ойыншысы Же «төрттік финалға» қатыса алмайды. Себебі іріктеу кезеңінде тәртіпсіздік танытқан. Алайда бұл ойыншы өз қателігі мен кінәсін толықтай мойындап бұдан былай тәртіпті бұзбауға тырысатынын жеткізді. Оның айыпталу мерзімі қысқарады деп сенеміз», - деп қосты маман.

kairat-futsal.kz сайтының мәліметі бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или