ММА

Хабиб Нурмагомедов: Морозов - қарымды файтер

Хабиб Нурмагомедов: Морозов - қарымды файтер
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің баспасөз конференциясында қазақстандық файтер Сергей Морозов пен інісі Умар арасындағы болатын жекпе-жектен не күткенінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Еске салайық, Морозов пен Умар Нурмагомедов UFC-де дебюттерін 24 қазанда өткізуі керек еді. Алайда Нурмагомедов инфекцияға жұқтырып, ауруханаға жатқызылды, ал жекпе-жек өтпей қалды. Олар енді сегізбұрышта 23 қаңтарда кездеседі.

«Морозов - жақсы файтер. Жігіттер октагонға шығып, кімнің мықты екенін анықтайды. Мен ініме сенемін, бірақ Морозовты бағаламау дұрыс болмас еді. Ол - Қазақстанның болашағы зор жекпе-жек шебері. Ал Омарға ол мықты бәсекелес бола алады», - деді Хабиб.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер