Садриддин Ахмедов желтоқсанда жекпе-жек өткізбейді

Садриддин Ахмедов желтоқсанда жекпе-жек өткізбейді

Жартылай орта салмақта WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедовтің желтоқсан айына жоспарланған жекпе-жегі өтпейді, деп жазады Prosports.kz.

La Presse басылымының хабарлауынша, Канаданың Квебек провинциясында Рождество мерекесі қарсаңында коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау үшін шектеу шаралары күшейтіледі. 

Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы 18 немесе 19 желтоқсанда бокс кешін өткізуді жоспарлаған. Кеш аясында Садриддин Ахмедов WBA құрлықтық титулы үшін жекпе-жек өткізуі керек болатын.

Квебек билігі азаматтарды мерекелік демалыстан бір апта бұрын өзін-өзі оқшаулауды сақтауға шақырды. Егер белгіленген уақытта турнир өтетін болса, турнирге қатысқан спортшылар мен қызметкерлер мерекеде отбасыларына қайта алмайды. 

Осыған байланысты EOTTM басшысы Камил Эстефан қызмекерлеріне мұндай талап қоя алмайтыны, сол үшін бокс кеші желтоқсан айында өтпейтінін мәлімдеді. Кеш қаңтар айына қалдырылды. 

«Сондықтан Садриддин Ахмедовке тағы бірнеше апта күтуге тура келеді», - деп жазды La Presse.

<h4>Елордада өтетін бокс кешінде кімдер өнер көрсетеді</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или