Дастин Порье «Қазақстан» шоколадын жеп жүр
Америкалық ММА файтері Дастин Порье қазақстандық жанкүйерлеріне сәлем жолдап, қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты, деп жазады Prosports.kz.
Видео инстаграм желісіндегі kaz_fighters парақшасында жарияланды. Порье «Қазақстан» шоколадын қолына алып «Қолдауларыңыз үшін рақмет!» - деп сәлем жолдады.
Дастин Порье келесі жекпе-жегін 2021 жылы 23 қаңтарда өткізеді. Ол Лас-Вегаста өтетін UFC 257 турнирінің басты жекпе-жегінде атақты Конор Макгрегормен кездеседі.
Бұл кеште екі қазақстандық файтер өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозов UFC 257 турнирінде октагонға шығады. Сергей Морозов Умар Нурмагомедовпен, ал Жалғас Жұмағұлов Амир Албазимен жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или