ҚПЛ. 21-тур матчтарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ. 21-тур матчтарының тікелей трансляциясы

27 қарашада Алматы мен Талғар қалаларында футболдан Қазақстан чемпионатының 21-тур матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондықтан айырылған «Астана» тіпті күміс жүлдеден де қағылуы мүмкін. Олар бүгін Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де басталатын Талдықорғанның «Жетісуімен» ойнайды. Жеңіске жетсе де, «Тобыл» - «Тараз» матчының нәтижесін күтеді.

14:00-де Тимур Сегізбаев академиясының алаңында Қызылорданың «Қайсары» мен Петропавлдың «Қызыл-Жары» кездеседі. Солтүстікқазақстандық футболшылар жоғарғы лигада тұрақтап қалуы үшін жеңіске жетуге тиіс.

Ақтаулық «Каспий» мен «Шахтер» ​​арасындағы кездесу де 14.00-де басталады. Кеншілер қола медальдан әлі де үмітті. Ал «Каспиге» үш ұпай ауадай қажет, өйткені плей-офф кезеңінде ойнау қаупі бар.

Ал Орталық стадионда 18:00-де «Тобыл» - «Тараз» ойыны өтеді. Жеңіске жеткен жағдайда қостанайлық клуб ұлттық чемпионаттың күміс медалін мерзімінен бұрын жеңіп алады. Тараздықтар Премьер-лигада қалғысы келсе, жеңістен үміттерін үзбеуге тиіс.

21 турдың барлық матчы Qazsport телеарнасының сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Ойындардың трансляциясы мына СІЛТЕМЕДЕ қолжетімді болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или