«Жетісу» - «Астана»: қарсыластық тарихы
![«Жетісу» - «Астана»: қарсыластық тарихы](https://prosports.kz/upload/news/content//202011/207285_e9a25019a74c622a13a249cb76659bc4.jpg?v=28700668)
Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-турының «Жетісу» - «Астана» матчы қарсаңында Талдықорған және Астана клубтарының өзара қарым-қатынас статистикасын еске түсіреміз.
Алғаш рет «Жетісу» мен «Астана» бір-бірімен 11 жылдан астам уақыт бұрын, 2009 жылы 24 мамырда ойнады. Ол кезде елордалық команда «Локомотив» деп аталып, олардың дебюттік кездесуі болашақ алты дүркін ел чемпиондарының 1:0 жеңісімен аяқталды және сол матчтағы жалғыз голды «Астананың» қазіргі бас бапкері Андрей Тихонов соқты.
![](https://img.prosports.kz/news/content//202011/207285_1ccfca8feebc77343db096e65372b498.jpg)
Кейін бұл қарсыластар бір-бірімен 27 рет кездескен. «Астана» 17 жеңіске жетті, 7 матч «Жетісу» жеңді, тағы 4 рет қарсыластар тең тарады.
Еске сала кетейік, Қазақстан чемпионатының 21-турының «Жетісу» - «Астана» матчы жұма, 27 қарашада өтеді. Ойын елорда уақытымен 13:00-де басталады.