Ибрагимович Швецияда кезекті рет жыл футболшысы атанды

Ибрагимович Швецияда кезекті рет жыл футболшысы атанды

«Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович кезекті рет Швецияның үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

39 жастағы швециялық бұл марапатты 12-ші рет жеңіп алғанын айта кету керек. Ол 2005 жылы  алғаш рет аталған сыйлыққа ие болса, 2007-2016 жылдар аралығында қатарынан он рет иеленді.

Осы маусымда Ибрагимович 10 ойында 11 гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Ибрагимовичтің «Миланмен» келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или