«Әлемнің үздік футболшысы» атағына кім лайық
ФИФА<span> жылдың үздік футболшысына тиесілі </span>The Best сыйлығына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздіктер тізімі мынадай: Тиаго Алькантара ("Бавария"/"Ливерпуль"), Криштиану Роналду ("Ювентус"), Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити"), Роберт Левандовски ("Бавария", Садио Мане, Мохамед Салах, Вирджил ван Дейк (бәрі "Ливерпуль" ойыншылары), Килиан Мбаппе, Неймар (екеуі де - ПСЖ), Лионель Месси ("Барселона"), Серхио Рамос ("Реал").
Үздік қақпашы атағына үміткерлер: Алиссон ("Ливерпуль"), Тибо Куртуа ("Реал"), Кейлор Навас (ПСЖ), Мануэль Нойер ("Бавария"), Ян Облак ("Атлетико"), Марк-Андре тер Штеген ("Барселона").
The Best 2020 марапаттау рәсімі 17 желтоқсанда онлайн режимде өтеді. 2019 жылы Лионель Месси аталған марапатқа ие болған еді.