Италия полициясы жаттығып жүрген Винченцо Нибалиді тоқтатты

Италия полициясы жаттығып жүрген Винченцо Нибалиді тоқтатты

Полиция қызметкерлері жаттығып жүрген «Астана» командасының велошабандозы, Тур де Франс-2014 жеңімпазы Винченцо Нибалиді тоқтатты, деп хабарлайды velolive.com.

«Астана» командасының италиялық велошабандозы Винченцо Нибали қазіргі таңда уақытын отбасымен өткізуде. Бірінші қаңтар күні, Жаңа жылды атап өткеннен кейін 2014 жылғы Италия чемпионы екі досы және ағасы Антонио Нибалимен бірге сицилиялық жолдарда жаттығып жүрген. «Біз жол бойында көктайғақты білдіретін белгіні көрдік. Біз бұған мән бермедік, өйткені бұл белгі тек автокөлік жүргізушілеріне арналған деп ойлап, жаттығуды жалғастырдық».

Дегенмен, жолда полиция патрулі спортшы мен достарын тоқтатып, құжаттарын тексерген. Тәртіп сақшылары оларды жаттығу туралы естігеннен кейін бірақ жіберген.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или