Айдын Смағұлов не себепті ұлттық құрамадан кетті?
Бүгін Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Айдын Смағұловтың қызметінен кеткені белгілі болды.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан дзюдо федерациясының кезектен тыс отырысында құраманың жаңа жаттықтырушысы тағайындалды. Атқарушы комитеттің бірауыздан шешімімен Ғалымжан Жылгелдиев сайланды.
Ал құраманың бұрыңғы бапкері Айдын Смағұлов денсаулығына байланысты қызметін тоқтату туралы өтініш білдірді. Ол Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне 2018 жылы кіріскен болатын.
Өз кезегінде, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров Айдын Смағұловқа осы уақытқа дейін атқарған жұмысына алғыс айтып, жаңадан тағайындалған бас бапкерге сәттілік тіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или