«Әл-Әйн» Исламханмен келісімшартты бұзды
«Әл-Әйн» командасы Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханмен допинг дауынан соң келісімшартты бұзды, деп жазады Prosports.kz сайты.
«Допинг дауына байланысты «Әл-Әйн» клубы Исламханмен келісімшартын бұзды. Оның келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған еді», - деп жазды UAE Sports News басылымы.
Айта кетейік, Азия футбол Кондферациясы «Әл-Әйн» ойыншысы Бауыржан Исламханның қанынан допинг табылған соң уақытша спорттан шеттеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или