«Канело» жеңіліп көрмеген британиялық боксшымен жұдырықтасады

«Канело» жеңіліп көрмеген британиялық боксшымен жұдырықтасады

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн ресми түрде жарияланды, деп жазады Prosports.kz.

«Канело» 19 желтоқсанда жеңіліп көрмеген британиялық боксшы Каллум Смитпен (27-0, 19 КО) жұдырықтасады. 

Альварес – Смит жекпе-жегін DAZN стримингтік қызметі ұйымдастырып отыр. Бірақ «Канело» жақында DAZN-мен жасалған, 11 жекпе-жектен тұратын 365 миллиондық келісімшарттан бас тартқан болатын. Сонымен қатар, Смитке қарсы жекпе-жек мексикалық боксшы үшін Golden Boy промоутерлік компаниясынан жолын бөлгеннен кейінгі алғашқы кездесу болады. 

Сауль Альварес рингке шықпағанына бір жылдан асты. Ол алдыңғы жекпе-жегін 2019 жылы 2 қарашада Лас-Вегаста ресейлік Сергей Ковалевке қарсы өткізді. Сол жекпе-жекте ол 11-раундта нокаутпен жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған.  Көп ұзамай ол орта салмақта бокстасуды жалғастыруға ниет білдіріп, аталған белбеуден бас тартты. 

Альварес – Смит жекпе-жегінің өтетін орны әлі анықталған жоқ, бірақ инсайдер Майк Коппинджер мен Boxrec порталының хабарлауынша, жекпе-жек Техаста өтеді.

Смиттің қосымша промоутері ретінде Matchroom Boxing компаниясы жұмыс істейді. Бұл компанияның басшысы орта салмақта қазақстандық IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің ісін жүргізетін Эдди Хирн екенін айта кетейік. 

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или