Велоспорт

«Астана» капитаны командадан кетуі мүмкін

«Астана» капитаны командадан кетуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус кесірінен күрделі өткен маусым мен бюджетті қысқартқаннан кейін, «Астана» келесі маусым басталғанға дейін екінші капитанымен қоштасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испандық El Mundo газетінің хабарлауынша, ресейлік Александр Власовтың агенті Джузеппе Аквадро «Астанамен» келісімшартты бұзып, оның британдық Ineos Grenadiers командасына ауысуына барын салып жатыр.

Қазақстандық команда мен Власов арасындағы келісімшарттың мерзімі 2021 жылдың соңына дейін есептелген. Әйткенмен, Александр өз болашағын басқа командада көретін секілді.

Еске сала кетейік, бюджеттің қысқаруына байланысты «Астана» қазірдің өзінде бір капитанынан - Мигель Анхель Лопестен айырылды. Бұл туралы команданың бас менеджері Александр Винокуров хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер