ММА

Адам Яндиевтен оңбай таяқ жеген Сергей Харитоновқа ота жасалады

Адам Яндиевтен оңбай таяқ жеген Сергей Харитоновқа ота жасалады
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік спорт шолушысы Игорь Лазорин 40 жастағы ММА файтері Сергей Харитонов пен 38 жастағы UFC экс-файтері Адам Яндиев арасындағы қақтығыс туралы соңғы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Сергей Харитонов пен Адам Яндиев арасындағы жанжал туралы ақпаратты нақтылап жатырмыз. Үшінші қатысушының Яндиевке еш қатысы жоқ және ол Харитоновтың танысы болған. Ол да Сергей сияқты ауруханада жатыр. Харитоновтың бір көзі көрмейді, ертең мұрнына ота жасалады», - деп жазады Лазорин өзінің Instagram-дағы« Stories »бөлімінде.

Еске салайық, Харитонов пен Яндиевтің арасындағы жанжал Мәскеуде Лужники стадионында өткен шарада болған. Baza Telegram каналының хабарлауынша, төбелес Яндиевке Харитоновқа қайтарылмаған белгілі бір ақшалай қарыз туралы еске салудан кейін шыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер