Хамитовтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Хамитовтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық файтер Қуат Хамитовтің (20-6-1) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында хабарлады. 

«Fight Nights. Магнитогорск.

Қуат Хамитов (20-6-1) vs Магомед Магомедов (12-3).

07.01.21 МЕТАЛЛУРГ АРЕНА», - деп жазды Хамитов.

Айта кетейік, Қуат Хамитов мансабындағы ұзақ үзілістен кейін сегізбұрышқа 25 қыркүйекте қайта оралды. Мәскеуде өткен FIGHT NIGHTS GLOBAL 98 турнирінде ол Олег Косиновті жеңді. Ол бұл жеңісін соның алдында ғана өмірден озған атақты балуан Жақсылық Үшкемпіровке арнады. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін «Найман» Вячеслав Дацикті айқасқа шақырды.

Қуат Хамитов осы жеңісінен кейін әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен мәлімделер жасады. Әсіресе волейболшы Сабина Алтынбековамен үйленгісі келетіні жайлы мәлімдемесі жұрт назарын ерекше аударған болатын. 


Сабина Алтынбекова Хамитовке жауап берді

«Бәрі сандырақ». Хамитов сөзінен бас тартқан жоқ

Қуат Хамитов «Боратты» масқаралаған адамға сыйақы бермекші

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или