Дмитрий Чурсин: Түнгі уақытта дайындап жатырмыз
Олимпиадаға дайындық орталының жаттықтырушысы Дмитрий Чурсин ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы жайлы айтты:
«Жарыста жеті спортшымыз бақ сынайды. Олардың бәрі құрлықтық және әлем жарыстарында жүлде алған. Жарыс Zoom бағдарламасы арқылы өтеді.
Уақыт айырмасына байланысты спортшыларымыз түнде жарысқа түседі. Ағзаны үйрету үшін оларды түнгі уақытта дайындап жатырмыз», - дейді маман.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или