Ақмолалық зілтеміршілер ел чемпионатында топ жарды

Ақмолалық зілтеміршілер ел чемпионатында топ жарды

Ақмола облысының төрт спортшысы онлайн режимде өткен ауыр атлетикадан ел чемпионатында жүлдегер атанды.

<span>Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, пандемияға байланысты жарыс онлайн форматта жастар мен балғындар арасында ұйымдастырылды. Төрешілер де қашықтықтан жұмыс істеді. </span>

<span>«Ақмола облысы атынан Атбасар, Степногор және Көкшетау қалаларынан зілтеміршілер өнерлерін ортаға салды. Оның ішінде 87 салмақта сынға түскен Карина Құзғынбаева 214 келі (94+120) көтеріп, чемпион атанды. Сонымен бірге, 76 келі салмақта Виктория Новикова - 174 кг (79+95), 96 келі салмақта Александр Сахнов - 250 кг (110+140) және 109 келі салмақта Сергей Палагин - 264 кг (118+146) бағындырып, «қола» жүлдеге ие болды», - дейді ведомстводан.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или