Қайрат Оразбеков: «Қайрат» атауы ешқашан өзгермейді»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Алматылық команданың президенті Қайрат Оразбеков «Астана-Қайрат» футзал клубы корпоративті фондының құрылуы жайлы айтып берді. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Құрметті жанкүйерлер, ең біріншіден, команданың «Қайрат» атауы өзгермейтінін айтқым келеді. Клуб бұрынғыдай матчтарын өз үйінде, Алматыда өткізеді. Соңғы жиырма жылдағы барлық жетістіктеріміз «Қайрат» аты және Алматымен тікелей байланысты екенін білесіздер. Корпоративті фондының құрылуы команда үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Мұндай қадамға көптеген еуропалық клубтарда барған – мысалы төрт дүркін УЕФА кубогының жеңімпазы испандық «Интер-Мовистар» командасы. Алдағы жылдары Навои көшесі бойында жаңа спорткомплексі салынады. Сондай-ақ, академияның түлектерін жаттықтыруға қосымша қаражат бөлінетін болады. Осылайша, академияда тәлім алғысы келетін жас балалардың саны 250-ге дейін өседі. Тағы да алматылық команданың жанкүйерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Ешқашанда, «Қайрат» атауын өзгертпейміз және Алматыдан ешқайда көшпейміз. Бәрі бұрынғы қалпында - мақсатымыз УЕФА кубогын жеңу».</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или