«Қайрат» футзал клубының атауы өзгерді

Алматылық «Қайрат» футзал клубының атауы өзгертілді, деп хабарлайды «PRОСПОРТ».

Бүгін «Самрұқ-Қазына» офисінде «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының бас директоры Владимир Смирнов, Астана ПКСК спорт басқарушысы Юрий Мельниченко, АФК «Қайраттың» президенті Қайрат Оразбеков пен бас директоры Әсем Құжанованың қатысуымен арнайы баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Ең алдымен баспасөз-мәслихатын Владимир Михайлович бастады:

- 2013-ші жылдың 19 қараша күні «Астана» ПКСК мен «Қайрат» футзал клубы арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын, содан бері қос жақ жылы қарым-қатынаста болып команданың атын «Астана-Қайрат» футзал клубы деп өзгертуге шешім қабылдадық. «Қайрат» футзал клубының президенті ұсынуы бойынша алматылық команда «Астана» ПКСК-ның құрамына кіріп, команданың аты «Астана-Қайрат» деп өзгертілетін болды. Дегенмен, команда бұрынғыдай Алматыда орналасады. Себебі, УЕФА-ның регламентіне сәйкес команда ауысатын болса, барлық жетістіктер мен жинаған рейтингтер жойылып кетеді.

Қайрат Айтмолдаұлы:

- Біріншіден, «Астана» ПКСК-ны елімізде спортты дамытып жүргені үшін алғысымды білдіремін. Отандық футзалдың нәтижесі мен климаттық жағдайына қарайтын болсақ, футзал Қазақстанда номер бір спорт ретінде тұрақтауы әбден мүмкін. «Астана» ПКСК-мен ынтымақтастық футзалдың дамуын одар әрі нығайтатынына сенімім мол. Біздің елімізде футзалмен айналасуға барлық жағдайлар бар – ВУЗ, колледждар мен мектептер спортзалдармен қамтамасыз етілген . Біздің басты мақсатымыз – «Қайрат» пен «Астана» ПКСК брендттері арқылы жаңа халықаралық деңгейге шығып атымызды шығару.

Естеріңізге сала кетсек, «Атсана» президенттік кәсіпқой спорт клубы құрамына - Astana Pro Team велокомандасы, «Астана» футбол мен баскетбол клубы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана Мотоспортс», Astana Arlans пен «Қазақстан Барысы» проектісі кіреді. Сондай-ақ «Астана» ПКСК атынан халықаралық жарыстарға екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин мен Сочи қысқы олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или