«Қайрат» пен «Атырау» футзалшылары тең тарқасты

Футзалдан Қазақстан чемпионатының кезекті ойын күні алматылық «Қайрат» пен «Атырау» матчымен ашылды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
<span>Кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Бірінші таймда қарсыластар бір голмен алмасса, ойынның екінші жартысында командалар бір-бірінің қақпасына екі доптан соқты.</span>
<span>«Атырау» 6 матчта 16 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. «Қайраттың» еншісінде бес ойыннан кейін 10 ұпай бар. Қайраттықтар ел чемпионатында 3-орында келеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или