Велоспорт

«Бресттен Парижге дейін». «Тур де Франс-2021» бағыты жарияланды

«Бресттен Парижге дейін». «Тур де Франс-2021» бағыты жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

«Тур де Франс» велокөпкүндігінің 2021 жылға арналған бағыты анықталды. Ол жарыстың Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Турнир 2021 жылдың 26 маусымында Брестте басталады. Жарыс 18 шілдеде Парижде аяқталады. Бұл уақыт арасында шабандоздар 21 кезеңге қатысады.

«Тур де Франс» келесі жылы әдеттегіден ерте басталмақ. Бұл Токио Олимпиадасы өтетініне байланысты болып отыр. Дүние жүзіндегі эпидемологиялық жағдайға байланысты бұл жолы көп қонақ қатысатын дәстүрлі таныстырылым болмайды.

Айта кетейік, биыл франциялық Гранд-тур коронавирус пандемиясына байланысты күзде өткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер