Велоспорт

«Астананың» көшбасшысы қай командаға ауысатыны белгілі болды

«Астананың» көшбасшысы қай командаға ауысатыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық «Астана» велокомандасының көшбасшы шабандозының бірі Мигель Анхель Лопестің мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Пандемияның салдарынан велоспорттағы трансфер кезеңі бір айға кеш ашылды. Мигель Анхель Лопес немістің көшбасшы командасы BORA-hansgrohe сапына ауысуы мүмкін. Сондай-ақ, Францияның AG2R-Citroen командасынан ұсыныс түскен.

26 жастағы шабандоз «Астанаға» 2014 жылы ауысып келген. 6 жылда «Джиро д’Италия», «Вуэльта», «Каталония вуэльтасы», «Швейцария туры», «Колумбия туры» және «Милан-Турин» жарыстарының кезеңінде жеңіске жетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер