Хоккей

ҚХЛ. «Барыс» тағы жеңіліс тапты

ҚХЛ. «Барыс» тағы жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 23 қазанда «Барыс» өз айдынында қазандық «Ак Барстан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команданың бапкерлік құрамы «Йокеритпен» болған матчтан кейін, бір ғана өзгеріс жасады. Кирилл Панюковты Павел Акользин алмастырды.

Матчтағы алғашқы шайбаны айдын иелері соққанымен, қонақтар қатарынан үш рет мергендік танытып, жеңіске жетті.

Айта кетелік, «Барыс» жексенбі күні Новосибирск – Сочи бағыты бойынша жолға шығады.

ҚХЛ тұрақты лигасы

«Барыс» (Нұр-Сұлтан) – «Ак Барс» (Қазан) – 1:3 (0:0, 1:1, 0:2)

1:0 Михайлис (Лилья) 21:13
1:1 Петров 28:44
1:2 Юдин (Сафонов, Богатов)
1:3 Тихонов (Бурмистров, Азеведо) 56:13 КСГ

Қақпашылар: Ортио – Мифтахов
Барыс Арена. Көрерменсіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер