Қазақстан құрамасы маунтинбайк-марафоннан әлем чемпионатына қатысады
Қазақстан құрамасы маунтинбайк-марафон бойынша өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
<span>Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясы ресми сайтында мәлімдеді. </span>
<span>24-25 қазанда Түркияның Сакарья аймағында өтетін дүниежүзілік бәсекеге ел құрамасының үш спортшысы жарысқа шығады. Аталған жарыста Шәкір Әділов, Темірлан Мұхамедьянов және Денис Сергиенко ел намысын қорғайды. </span>
<span>Әлем чемпионатына 29 елден 100-ден астам спортшы қатысады. </span>
<span>Айта кетейік, марафонда әйелдер 80,9 км, ерлер 110 км қашықтық бойынша сынға түседі</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или