Волейболдан ел чемпионатының бірінші кезеңі үш қалада өтеді

Волейболдан ел чемпионатының бірінші кезеңі үш қалада өтеді

Волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің алғашқы тур ойындары өтетін орын мен мерзім анықталды.

Бұл туралы волейбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның 29-шы чемпионаты 6-29 қараша аралығында үш қалада өтеді. Атап айтар болсақ, әйелдер арасындағы Ұлттық лига мен қосымша құрам арасындағы Жоғары лига ойындары Талдықорғанда ұйымдастырылады.

Оралда әйелдер мен ерлер арасындағы Жоғары лига матчтары өтсе, Таразда ерлерден Ұлттық лига және қосымша құрам арасындағы Жоғары лига ойындары жоспарланған.

Турнир шектеу шаралары кезіндегі медициналық регламентке сай өтеді. Ведомствоаралық комиссия шешімімен балалар арасындағы турнирлер жыл соңына дейін өткізілмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или