Какау «Қайратпен» келісім-шартын ұзартады

Жаңа келісім 2018 жылға дейін жасалмақ, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл ақпаратты «Қайрат» мини-футбол клубының баспасөз қызметі мәлім етті.

Естеріңізге сала кетсек, Какау «Қайратқа» алдымен ойыншы ретінде келген болатын. Бразилиялық алматылық клубқа 2005 жылы ауысты. Футзалшы ретінде «Қайратпен» бес рет ел чемпионаты атанып, үш рет УЕФА Кубогының төрттік финалына дейін жолдама алды. Сондай-ақ, 2006, 2007 жылдары үздік ойыншы болды. Кейін чехиялық «Эра-Паке» командасында өнер көрсетіп, артынша сол жақтың бапкері болды. «Қайратқа» 2012 жылы қайтып келіп, УЕФА Кубогын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или