ММА

Умар Нурмагомедов қолдау білдірген Сергей Морозовқа алғыс айтты

Умар Нурмагомедов қолдау білдірген Сергей Морозовқа алғыс айтты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік файтер Умар Нурмагомедов қазақстандық әріптесі Сергей Морозовқа алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сергей Морозов пен Умар Нурмагомедов Қазақстан уақытымен 25 қазанға қараған түні Әбу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 254 турнирінің бастапқы кардында кездесуі керек еді.

Бір күн бұрын Умар Нурмагомедовтың дене қызуы көтеріліп, ауруханаға түскен еді. Ауруханада оған стафилококк инфекциясы диагнозы қойылды. Оның Сергей Морозовпен жекпе-жегі өтпейтін болды.

Артынша Сергей Морозов Нурмагомедовке тезірек сауығып кетуін тілеген.

Сергей Морозовтың Instagram-да жарияланған видео-хабарламасына Умар «Рахмет, Серёга. Дебютте сәттілік тілеймін» деп пікір жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер