Командалық

Азия волейбол конфедерациясы жаңарған күнтізбені жариялады

Азия волейбол конфедерациясы жаңарған күнтізбені жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Азия волейбол конфедерациясы 2021 жылға арналға жаңа жарыс кестесін бекітті.

Қаңтар айында волейболдан 19 жасқа дейінгі ерлар арасындағы құрлық біріншілігі, 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Аталған турнирлерді Иран мен Таиланд қабылдайды. Сондай-ақ, 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Қытайда 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия біріншілігі ұйымдастырылады деп күтілуде. Жылдың маңызды додалары қатарында әйелдер және ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионаты бар.

Бұл бәсекелер сәуір-мамыр айларына жоспарланған. Жағажай волейболынан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты наурыз айында, Таиландта ұйымдастырылады.

Мамыр-маусым айларында ерлер мен әйелдер арасындағы Ұлттар лигасы өтеді.

Жағажай волейболынан ересектер арасындағы Азия біріншілігі 2-6 маусым күндері Қытайда жоспарланған.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер