Маунтинбайктен Қазақстан командасы Түркияда жаттығуда
Маунтинбайктен Қазақстан командасы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
1 қазанда басталған жиын 15 қарашаға дейін созылады. Жаттығу жиынына төрт спортшы қатысуда. Олар – Шәкір Әділов, Денис Сергиенко, Темірлан Мұхамедьянова және жасөспірім командасының мүшесі Егор Карасев.
«Біздің команда алты айлық үзілістен соң шетелге шығу мүмкіндігін алды. Оған дейін спортшылардың бәрі өз үйінде дайындалды. Түркия мен Қазақстан шекарасы ашық болған соң, әрі аталған елде бұрыннан жарыс өткізілетіндіктен, біз осы мемлекетті таңдадық.
Негізі, кросс-кантриден негізгі чемпионат Австрияда өтеді. Бірақ біраз елдің, оның ішінде, еуропаның шекарасы ашылмағандықтан, біз бағытымызды өзгертіп, Түркиядағы жарыстарға қатысқанды жөн деп шештік.
Мұнда марафоннан әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік дода басталғанға дейін С2, С1 санатындағы турнирлерге қатысамыз. Ал жарыс арасында оқу-жаттығу жиыны өтеді», - дейді команда бас бапкері Александр Дымовских.