Әйгілі «Париж-Рубе» веложарысы биыл өтпейтін болды

Әйгілі «Париж-Рубе» веложарысы биыл өтпейтін болды

Велоспорттан әлемге әйгілі «Париж-Рубе» біркүндік веложарысы Франциядағы карантин шараласына байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

<span>Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар хабарлаған.  Алғашында велодода 12 сәуір күні өтуі тиіс болған. Алайда, коронавирустың асқынуына байланысты турнир күзге ауыстырылды. Кейін жарыс 25 қазанда өтеді деп хабарланғанымен, бүгін турнирдің биыл ұйымдастырылмайтыны белгілі болды.  «Париж-Рубе» біркүндік веложарысы әлемдегі ескі әрі техникалық тұрғыдан қиын дода саналады. Биыл дода 118-ші рет өтуі тиіс болатын. Аталған турнир ең алғаш рет 1896 жылы ұйымдастырылған. Бұған дейін «Париж-Рубе» веложарысы бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғана өткізілмеген. </span><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или