Дінмұхамбет Сүлейменов: «Жеңіле алмадық, себебі біздің ойынымызды бүкіл Қазақстан көріп отыр!»

«Қайрат» АФК ойыншысы Дінмұхамбет Сүлейменов «Еременко кубогындағы» «Тюменьге» қарсы кездесуі туралы ойымен бөлесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Біз «Тюменьмен» бірінші рет кездесіп тұрған жоқпыз. Команда мықты чемпионатта ойнайды, 25 минуттық таймдарға үйренген. Бірақ біз қарсыласымызға қарсы қалай ойнау керек екенін біліп, ойынға толық дайын болдық», - деді алматылық клубтыі капитаны.

– Матчта ерегестер көп болды. Бұл неге байланысты? Кездесудің турнирлік маңызы болған жоқ қой...

– Өз алаңыңда қашан да жеңіске жеткің келеді, сондықтан қатты күрестер болды.

– Сондай-ақ, «Қайрат» та бар күшімен ойнады...

– Біз «Балтикфлораға» қарсы жақсы дайындалдық, сәтті ойнап, «Төрттік финалына» шыққанымыз белгілі болды. Бірақ екінші ойында да жеңгіміз келді. Басқаша болмайтын еді, себебі біздің ойынымызды бүкіл Қазақстан көріп отыр! Бізді жанкүйерлер қолдап отырғанда, жеңіліп қала алмаймыз.

– Тюменьнің ОСК трибунасы Денис Абышевтің әдемі шығарып салды. Сіздің пікіріңізше, оған мансабын бітіруге ерте емес пе?

– Ол өте тәжірибелі ойыншы. Ойында оның шаршамағанын көрдіңіздер. Абышев әлі де ойнай алады деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или