Головкин - Шеремета жекпе-жегі 21 қарашада өтпеуі мүмкін
Польшаның Ringapolska.pl сайты Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның жекпе-жегі өтетін жаңа датаны атады, деп жазады Prosports.kz.
Басылымның хабарлауынша, жекпе-жек бұған дейінгі ақпараттарда айтылғандай 21 қарашада (сенбі) емес, 20 қарашада (жұма) өтуі мүмкін.
«DAZN платформасы АҚШ-тағы басқа ірі спорттық іс-шаралармен бір уақытқа тура келіп қалмау үшін алдағы бокс кештерінің көпшілігін жұмаға ауыстырды. Демек, орта салмақтағы IBF чемпионы Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның жекпе-жегі 20 қарашада өтеді, бұл жоспарланғаннан бір күн бұрын», - деп жазады басылым.
<span>Айта кетейік, Головкин - Шеремета жекпе-жегі бірнеше мәрте кейінге шегерілді. Алдымен GGG 29 ақпанда шаршы алаңға шығады делінген. Одан кейін Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланды. Бірақ кездесу тағы да кейінге шегерілді.</span>
<span>Осыдан кейін сарапшылар бұл кездесудің сәуір не мымыр айында өтуі мүмкін екенін болжады. Бірақ бәріміз білетіндей коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі барлық спорттық іс-шара тоқтатылды. </span>
<h4>Шереметаның промоутері: GGG-мен жекпе-жек өтетін болжалды күн - 21 қараша</h4>