Бокс

Шереметаның промоутері: GGG-мен жекпе-жек өтетін болжалды күн - 21 қараша

Шереметаның промоутері: GGG-мен жекпе-жек өтетін болжалды күн - 21 қараша
news-banner7
mobile-news-top

Поляк боксшысы Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевский қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегі туралы келісімді аяқтауға жақын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін The Athletic хабарлағандай, боксшылар арасындағы жекпе-жек 21 қарашада Карсонда (Калифорния) өтеді. Бұл ақпаратты Головкиннің кеңесшісі, промоутері Эдди Хирн де растап үлгерді.

«Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жектің күнін алтыншы рет нақты белгілеуге тырысып отырмыз. АҚШ-та жағдай жақсарып келе жатқан сияқты, мәмілені аяқтауға жақын деп айтуға болады. 21 қараша күні Калифорнияда өтеді деп отырмыз. Ресми хабарландыруды күтеміз», - деді Василевский Ringpolska.pl журналистеріне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер