ММА

UFC Fight Island 4: Тодорович Таунсендті ұтты

UFC Fight Island 4: Тодорович Таунсендті ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC Fight Island 4 аралас жекпе-жек турнирінің негізгі кардының алғашқы кездесуінде орта салмақтағы файтерлер - серб Душко Тодорович пен америкалық Декуан Таунсенд кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тодорович екінші раундта қарқынды үдетіп, қарсыласының үстіне шығып, ізбе-із соққы бағыттады. Таунсендтің қарсыласуға шамасы қалмағанын байқаған төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Душко Тодоровичтің кәсіби ММА аренасында әлі жеңілісі жоқ. Еншісінде 10 жеңіс бар. Таунсендтің бұл жекпе-жектен кейінгі рекорды - 21 жеңіс және 12 жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер