Хоккей

Қазақстанда жылдың үздік хоккейшісі анықталды

Қазақстанда жылдың үздік хоккейшісі анықталды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц екінші жыл қатарынан елдің үздік хоккейшісі ретінде танылды.

«Қазақстанның үздік хоккейшісі» байқауының директораты кеш болса да, 2019/2020 жылғы маусым лауреаты анықталатын дәстүрлі референдумның қорытындысын шығарды.

Маусымның үздік хоккейшісін анықтайтын тілшілер референдумында Канаданың (Мэдисин-Хэт) 27 жастағы тумасы Даррен Дитц екінші жыл қатарынан жеңіске жетті. Спортшы өткен жылы Қазақстан азаматтығын алды.

Сұрау қорытындысы бойынша, сегіз шолушы қорғаушыны бірінші орынға қойса, жетеуі екінші орынға және тағы біреуі – үшінші орынға қойған. Сомаға шаққан кезде, бұл жеңіске жеткізген 39 ұпай әкелді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер