Әлем чемпионаты: Вадим Пронский 49-шы орында

Әлем чемпионаты: Вадим Пронский 49-шы орында

Италияда шосседегі велоспорт бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін велошабандоздар топтық жарыс бойынша үздікті анықтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Имоле аймағында өткен додада франциялық Жюлиан Алафилипп 258,2 км қашықтықты 6 сағат 38 минут 34 секундта бағындырып, жеңіске жетті. Бельгиялық Ваут ван Арт мәреге екінші болып жетсе, швейцариялық Марк Хирши үшінші орыннан көрінді.

Қазақстандық спортшылар ішінде үздік көрсеткішке Вадим Пронский қол жеткізді. Топтық жарыста ол 49-шы орынға жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или