Қазақстан футзал ассоциациясы мен РФА меморандумге қол қойды

Ресей футзал ассоциациясы мен Қазақстан футзал ассоциациясы Тюменьде өткен баспасөз-мәслихатында ынтымақтастық туралы меморандумге қол қойды.

«Еременко кубогы» аясындағы үшінші тур алдында Тюменьнің орталық спорт кешенінде Қазақстан мен Ресей футзал асосциациясының ынтымақтастық орнатуына орай арнайы баспасөз-мәслихаты өтті.

Қазақстан футзал ассоциациясының президенті Лев Ким:

- РФА-ға үлкен құрмет білдіремін. Бұл қазақстан футзалы ғана емес, барша қазақ футболы үшін үлкен оқиға. Біздің достастығымз одан ары арта түседі деген ойдамыз. РФА-ның көмегімен өтетін «Еременко кубогы» соның бірден-бір дәлелі.

Ресей футзал ассоциациясының президенті Эмиль Алиев:

- Біз үшін бұл маңызды, тарихи келісім. Қос организация бір-біріне үнемі қолдау көрсетеді деген үміттемін. Бұл кездесудің футзалды қатты сүйетін Тюмень қаласында өтуі кездейсоқ емес. Бұл ынтымақтастық ерекше болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» футзал клубы Еременко кубогы аясында «Балтикфлора» командасымен кездеседі. Басталу уақыты сағат - 20:00. Кездесуді тікелей эфирде «KazСпорт» арнасы көрсетеді. Соңғы ойында алматылықтар 20-шы желтоқсан күні «Тюменьге» қарсы ойнайды. Оныда тікелей эфирде көре аласыздар, басталу уақыты – 16:00.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или