Ел чемпионаты кейінге қалды

Ел чемпионаты кейінге қалды

Елордалық «Барыс» клубында коронавирус анықталуына байланысты ел чемпионатының басталуы кейінге шегерілді. Бұл туралы Шайба.kz хабарлады.

Бұл шешімді Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі қабылдады. Жарыстың басталатын уақыты 22 қыркүйек күні шешіледі.

Лига басшылығы барлық командаларға чемпионаттың кейінге қалғанын хабарлап, әзірге ешқайда шықпауын сұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или