Футзал

«Қайрат» АФК Какауды туған күнімен құттықтайды

«Қайрат» АФК Какауды туған күнімен құттықтайды
news-banner7
mobile-news-top

Какау есімімен қазақстандықтарға жақсы таныс «Қайрат» АФК-ның экс-бапкері Рикардо Камара Собрал 16 қыркүйекте 49 жасқа толды.

Бразилиялық маман Қазақстанның ең мықты футзал командасын 2013 жылдан бастап, бес жыл бойы баптады. Ұжым осы уақыт аралығында ел чемпионаты мен кубогын 5 реттен жеңіп алды.

«Қайрат» Какаудың жетекшілігімен халықаралық деңгейде атағы жер-жаһанға жайылып, әлемнің үздік клубтарының біріне айналды. Алматылықтар 2013 және 2015 жылдары УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алса, 2014 жылы Әлем суперкубогына ие болды.

Рикардо Камара Собрал – клуб тарихындағы ең атақты бапкер.

«Қайрат» АФК Какауды туған күнімен құттықтап, нендей іс бастаса да жетістік пен сәттілік тілейді және бұрынғы «қайраттықтардың» болмайтынын еске салады!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер