Велоспорт

«Тиррено-Адриатико» туры: Власов бесінші орында

«Тиррено-Адриатико» туры: Власов бесінші орында
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Тиррено-Адриатико» веложарысының сегізінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңімпаз INEOS Grenadiers командасының өкілі Филиппо Ганна болды. Екінші орында Виктор Кампенартс (NTT Pro Cycling). Үздік үштікті Роан Деннис (INEOS Grenadiers) түйіндеді.

Сегізінші кезеңдегі Астананың үздік нәтижесін Якоб Фуглсанг көрсетті. Ол 24-орында. Сонымен қатар, Александр Власов - жалпы командалық есепте қазақстандық команданың ішіндегі ең мықтысы. Ол бесінші орында.

Власов ең үздік жас шабандоз киетін ақ жейдені сақтап қалды.

«Тиррено-Адриатико». 8-кезең.

1. Филиппо Ганна (INEOS Grenadiers) - 10:42

2. Виктор Кампенартс - (NTT Pro Cycling)- + 0:18

3. Роан Деннис (INEOS Grenadiers) - + 00:26

… 24. Якоб Фульсанг (Астана) - + 00:28

Жалпы есеп:

1. Саймон Йейтс (Mitchelton-Scott) - 32:07:34

2. Герайнт Томас (INEOS Grenadiers) - + 00:17

3. Рафал Майка (BORA - hansgrohe) - + 00:29

...5. Александр Власов («Астана») - + 00:58

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер