Хоккей

Минскідегі «Динамо» - «Барыс» матчында антирекорд тіркелді

Минскідегі «Динамо» - «Барыс» матчында антирекорд тіркелді
news-banner7
mobile-news-top

5 қыркүйекте Минскіде жергілікті «Динамо» «Барысты» қабылдады (5:4OT). Бұл кездесуде Минск-Аренаға келушілердің саны бойынша антирекорд тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынға 4455 жанкүйер келген. Осылайша, «Динамо» ҚХЛ-да өнер көрсеткелі бері бірінші рет аз көрермен жиналды.

Бұған дейін, ең аз көрермен 2020 жылдың 10 қаңтарында өткен «Динамо» пен Витязь матчына келген (5372).

Елордалық «Барыс» 7 қыркүйек күні Мәскеуде жергілікті ЦСКА-мен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер