Хоккей

Павлодарлық Ertis құрамына 14 хоккейші қосылды

Павлодарлық Ertis құрамына 14 хоккейші қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Павлодарлық клуб ел чемпионатындағы ойындарын 19 қыркүйекте бастайды.

Бұл туралы Ertis хоккей клубының баспасөз қызметі мәлім етті.

- Клуб маусым алдындағы дайындығын Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Мичурин кентінде бастайды. Ол жердегі спорт базасы барлық керекті құралдармен жабдықталған. Дайындық барысында бірнеше жолдастық кездесулер өткізу жоспарланған. Дайындық 17 қыркүйекке дейін жалғасады, - деді баспасөз қызметінде.


Ал, Ertis ХК маусымдағы алғашқы ойынын 19 қыркүйек күні Qulager командасына қарсы өткізеді.

Маусымаралық демалыста павлодарлық команданың сапына 14 хоккейші қосылды. Оның 2-і – қақпашы, 4 – қорғаушы, 8 – шабуылшы. Арасында Қазақстан чемпионы және Құрлықтық Кубоктың иегері қақпашы Иван Полошков бар.

Сонымен қатар, клуб 14 ойыншымен қош айтысқан. Ел біріншілігі басталар алдында команда сапында 26 ойыншы тіркелген.

Еске салайық, өткен маусым қорытындысы бойынша Еrtis хоккей клубы құрлықтық додада Қазақстан намысын қорғайтын мүмкіндік алған болатын. Алайда, қаржылық қиындықтарға байланысты ол мүмкіндіктен бас тартты.

Ertis ХК - Қазақстанның 3 дүркін чемпионы. Ел чемпионатының бір мәрте күміс және қола жүлдегері. Бір мәрте Қазақстан кубогінің иегері атанған.

Түпнұсқасы: pavlodarnews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер