Винокуров: Луценконың жеңісі біздің спорт үшін өте маңызды

Винокуров: Луценконың жеңісі біздің спорт үшін өте маңызды

Astana Pro Team Әлемдік турының бас менеджері Александр Винокуров қазақстандық велошабандоз Алексей Луценконы әлемдегі ең беделді жарыс «Тур де Франстың» алтыншы кезеңіндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Александр Винокуров өзінің инстаграмында:

«Сөз жоқ, әдемі! Тур де Франста бұл жеңіске жету үшін бізге көп уақыт кетті, біз Қазақстанда осындай таланттардың бар екеніне және жұмыс істейтініне мақтанамыз. Бұл жеңіс біздің қазақстандық спорт үшін, біздің жігіттер үшін, әлі өнер көрсете алмайтын спортшылар үшін маңызды. Біз біргеміз, біз мықтымыз», - деп жазды Винокуров Instagram парағында.

Айта кетейік, Винокуров "Тур де Франста" үш мәрте топ жарған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или