ММА

Масвидаль мен Диас 2020 жылдың соңында реванш өткізуі мүмкін

Масвидаль мен Диас 2020 жылдың соңында реванш өткізуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

UFC басшылығы Хорхе Масвидаль мен Нэйт Диас арасында реванш ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп жазып отыр MMAJunkie. Тараптар келісімшартқа қол қоюға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шайқас 12 желтоқсанда UFC 256 алаңында өтуі мүмкін. Сонымен бірге UFC президенті Дана Уайт жекпе-жек 2021 жылдың қаңтарына шегерілуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Хорхе Масвидаль мен Нэйт Диас алғаш рет 2019 жылдың қарашасында кездесіп, Хорхе жеңіске жетті. Содан бері Диас октогонға шықпады.

Масвидалға келетін болсақ, 2020 жылдың жазында ол UFC жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін шайқасқан еді, бірақ Камар Усманнан жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер